Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, 88-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №125269 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда):
1) 1-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;
3) 3-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;
4) 4-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін;
5) 5-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаты үшін;
6) 6-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін;
7) 7-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 1-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
1 | Шайыр дайындау | центнер | 0,79 |
гектар | 1,79 | ||
2 | Ағаш шырындарын дайындау | центнер | 0,59 |
гектар | 0,89 |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 2-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы | Қабық, центнер, мөлшерлемені төлеу (айлық есептік көрсеткіш) |
Бұтақ |
Түбiрлер, тонна | Тамырлар, центнер, мөлшерлемені төлеу (айлық есептік көрсеткіш) |
Жапы |
Бүршiк |
1 | Қарағай | 0,021 | 0,042 | 0,011 | 0,063 | 0,032 | 0,021 |
2 | Шренк шыршасы, ағаш тектес арша (арша) | 0,027 | 0,054 | 0,014 | 0,081 | 0,04 | 0,027 |
3 | Сібір шыршасы, майқарағай, қайың | 0,016 | 0,032 | 0,008 | 0,048 | 0,024 | 0,016 |
4 | Балқарағай | 0,015 | 0,030 | 0,007 | 0,045 | 0,022 | 0,015 |
5 | Самырсын, өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұтағашы, алмаағашы, өзге де ағаш тұқымдастар | 0,023 | 0,046 | 0,011 | 0,069 | 0,034 | 0,023 |
6 | Емен, шаған | 0,041 | 0,082 | 0,020 | 0,123 | 0,061 | 0,041 |
7 | Үйеңкі, шегіршін, жөке | 0,014 | 0,028 | 0,007 | 0,042 | 0,021 | 0,014 |
8 | Сексеуіл | 0,060 | 0,12 | 0,03 | 0,18 | 0,09 | 0,06 |
9 | Көктерек, ағаш тектес тал, терек | 0,011 | 0,022 | 0,006 | 0,033 | 0,017 | 0,011 |
10 | Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ | 0,035 | 0,07 | 0,018 | 0,105 | 0,053 | 0,035 |
11 | Арша, самырсын өскіні | 0,018 | 0,036 | 0,009 | 0,054 | 0,027 | 0,018 |
12 | Жыңғыл | 0,025 | 0,05 | 0,013 | 0,075 | 0,038 | 0,025 |
13 | Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар | 0,012 | 0,024 | 0,006 | 0,036 | 0,018 | 0,012 |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 3-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы |
Өлшем | Айлық есептік көрсеткіш | |
1 | Шабындық жерлер сапалық жай-күйі бойынша: | |||
жақсы | гектар | 0,32 | ||
қанағаттанарлық | гектар | 0,24 | ||
нашар | гектар | 0,19 | ||
2 | Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы: | Таулы табиғи аймақтар | Шөл және шөлейтті табиғи аймақтар | |
түйе | бас | 0,19 | 0,17 | |
ірі қара мал | бас | 0,15 | 0,13 | |
жылқы | бас | 0,15 | 0,13 | |
ірі қара төлі | бас | 0,07 | 0,05 | |
есек | бас | 0,07 | 0,05 | |
ешкі | бас | 0,13 | 0,11 | |
қой | бас | 0,04 | 0,02 | |
3 | Марал шаруашылығы | гектар | 0,267 | |
4 | Аң шаруашылығы | гектар | 0,267 | |
5 | Ара ұясын орналастыру | дана | 0,267 | |
6 | Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру | гектар | "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 508-бабына сәйкес жер салығы деңгейінде белгіленді | |
7 | Дайындау және жинау: | |||
қамыс | килограмм | 0,003 | ||
ши | килограмм | 0,0054 | ||
шеңгел | килограмм | 0,027 | ||
мүк | килограмм | 0,057 | ||
орман төсеніштері және жерге түскен жапырақтар | құрастыру текше метр | 0,057 | ||
жабайы тұяқтылардың түскен мүйiздерi | килограмм | 0,27 | ||
мумие | килограмм | 0,38 | ||
| Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикізаттар (шөптер, гүлдер, жапырактар, сабақтар және өскіндер, бүршiктер (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
Сарыбас шай қурай (шөп) | килограмм | 0,073 | ||
Кәдімгі адыраспан (шөп) | килограмм | 0,045 | ||
Кәдімгі киiкшөп (шөп) | килограмм | 0,073 | ||
Дәрілік түймедақ (гүл ) | килограмм | 0,106 | ||
Мыңжапырақ (шөп, гүл) | килограмм | 0,048 | ||
Ащы жусан (шөп, жапырағы) | килограмм | 0,024 | ||
Өгейшөп (гүл, жапырағы) | килограмм | 0,081 | ||
Түйетiкен (шөп) | килограмм | 0,065 | ||
Құс таран (шөп) | килограмм | 0,073 | ||
Бұрыш таран (шөп) | килограмм | 0,048 | ||
Кәдімгі сарысояу (шөп, тұқымы) | килограмм | 0,032 | ||
Дәрі түйежоңышқа (шөп) | килограмм | 0,028 | ||
Көке марал райхан (шөп) | килограмм | 0,081 | ||
Қосүйлі қалақай (жапырағы) | килограмм | 0,054 | ||
Түркістан сасық шөбі (шөп) | килограмм | 0,031 | ||
Үлкен бақажапырақ (жапырағы) | килограмм | 0,089 | ||
Кәдімгі түймешетен (гүл) | килограмм | 0,061 | ||
Дала қырықбуын (шөп) | килограмм | 0,060 | ||
Шөпшәй (шөп) | килограмм | 0,030 | ||
Үлкен сүйелшөп (жапырағы) | килограмм | 0,069 | ||
Салаубас (гүл) | килограмм | 0,146 | ||
Жебіршөп (шөп) | килограмм | 0,061 | ||
Күреңот (гүл) | килограмм | 0,117 | ||
Қазтамақ (шөп) | килограмм | 0,026 | ||
Қалың тұқымды ақмия (шөп) | килограмм | 0,026 | ||
Пармелия (шөп) | килограмм | 0,025 | ||
Сүмелек (шөбі) | килограмм | 0,027 | ||
Атқұлақ (шөп) | килограмм | 0,027 | ||
Дәрілік бақбақ (шөп) | килограмм | 0,093 | ||
Жатаған теміртікен (жапырағы) | килограмм | 0,101 | ||
9 | Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат тамырлары (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
Бәрпі уқорғасыны (тамыр) | килограмм | 0,053 | ||
Қарандыз (тамыр) | килограмм | 0,062 | ||
Жоңғар уқорғасыны(тамыр) | килограмм | 0,073 | ||
Түркістандық шүйгіні (тамыр) | килограмм | 0,070 | ||
Дәрі андышөп (тамыр) | килограмм | 0,080 | ||
Шашыратқы (тамыр) | килограмм | 0,074 | ||
Сиырқұйрық (тамыр) | килограмм | 0,036 | ||
Қаражемiс (тамыр) | килограмм | 0,042 | ||
Көкшегүл (тамыр) | килограмм | 0,036 | ||
Патриния (тамыр) | килограмм | 0,049 | ||
Қызылмия (тамыр) | килограмм | 0,046 | ||
Пияу (Баймур) (тамыр) | килограмм | 0,080 | ||
Шашақты бозтікен (тамыр) | килограмм | 0,042 | ||
Дәрілік бақбақ (тамыр) | килограмм | 0,069 | ||
тiзiмде көрсетiлмеген басқа өсімдектердің шөптері, гүлдері, жапырақтары, сабақтары және өскіндері, жемістері және жидектері, бүршiктері, тамырлары үшiн (қызылкiтаптықтан басқалары) | килограмм | 0,074 | ||
10 | Жемiстер (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
алма ерте пiсетiн | килограмм | 0,056 | ||
алма кеш пiсетiн (Сиверс алмасынан басқа) | килограмм | 0,073 | ||
алмұрт | килограмм | 0,078 | ||
шетен | килограмм | 0,052 | ||
долана (күмәнді доланадан басқа) | килограмм | 0,034 | ||
шабдалы (кәдімгі шабдалыдан басқа) | килограмм | 0,070 | ||
өрiк | килограмм | 0,065 | ||
мойыл | килограмм | 0,034 | ||
қара өрiк | килограмм | 0,043 | ||
жиде | килограмм | 0,030 | ||
11 | Жидектер (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
мүк жидегі | килограмм | 0,048 | ||
таңқурай | килограмм | 0,149 | ||
сиыр бүлдiрген | килограмм | 0,149 | ||
қарақат | килограмм | 0,159 | ||
бүрген | килограмм | 0,159 | ||
шеңгел | килограмм | 0,159 | ||
сарыағаш | килограмм | 0,159 | ||
қой бүлдiрген | килограмм | 0,140 | ||
сүйек бүлдірген | килограмм | 0,140 | ||
итмұрын | килограмм | 0,143 | ||
шырғанақ | килограмм | 0,143 | ||
тiзiмде көрсетiлмеген басқа жидектер үшiн | килограмм | 0,138 | ||
12 | Жаңғақтар (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
грек жаңғағы | килограмм | 0,056 | ||
қарағай жаңғағы және басқалары (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерінің Тізімінен басқа) | 0,040 | |||
13 | Саңырауқұлақтар (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
саңырауқұлақтар (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерінің Тізімінен басқа) | килограмм | 0,073 |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 4-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атаулары | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
| Мемлекеттiк орман қоры участкелерін аңшылық шаруашылығының қажетi үшін пайдалану | гектар | 0,267 |
Ескерту:
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман қоры аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі, мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартты кейіннен ресімдей отырып (Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 100-бабының 4-бөлігіне сәйкес және 31-бабының 1-1-бөлігі).
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды (Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 100-бабының 5-бөлігі).
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 5-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері
1-кесте
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
|
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін қысқа мерзiмдi орман пайдалану | болған әрбір күн үшін | 0,1 |
2-кесте
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
|
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалану | гектар | 0,133 |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 6-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері
1-кесте
№ | Атауы |
Өлшем | Айлық есептік көрсеткіш |
|
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | болған әрбір күн үшін | 0,2 |
2-кесте
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
|
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | гектар | 1,316 |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 7-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атаулары | Өлшем бiрлiгi | Теңге |
| Ағаш және бұта түрлерінің және арнайы мақсаттағы плантациялардың өсіру материалы (ұзақ мерзімге пайдалану 10 жылдан 49 жылға дейін) | гектар | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №383 бұйрығының 1-тарауының 10-тармағына сәйкес нөлдік төлемақы мөлшерлемелері белгіленді |