Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 18-107 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 1 сәуірде № 189-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 4,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 24 қарашадағы №451 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №149375 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 18-107 шешіміне қосымша

Талдықорғанқаласындатұрғынүйкөмегінкөрсетудіңмөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы28 шілдедегі №295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №184492 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы8 желтоқсандағы№117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №189820 болып тіркелген) сәйкесәзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде Қағиданың 2-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанда құжаттарды ұсыну уақытына қарамастан ағымдағы тоқсанға тағайындалады және көрсетіледі.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат)(немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Қағиданың 2-қосымшасы Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      10.Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісі Қағиданың 19-48-тармақтарына сәйкес есептелінеді.

      11. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы олар туындаған күннен бастап хабардар етеді.

      Алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).

      Артық төленген сомаларыерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бір отбасы мүшесіне - пайдалы алаңы 18 (он сегіз) шаршы метрден кем емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан 30 шаршы метр, бірақ нақтыдан асырмай.

      13. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары тиісті уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.

      14. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтерін қызмет жеткізуші ұсынады.

      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) газды тұтыну: сұйытылған газ орталықтандырылған газбен жабдықталған жағдайда - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек, пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін - отбасына айына 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      тағам дайындау үшін 1 адамға тауарлық газ - 10 текше метр;

      тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылытуға тауарлық газ - 7 текше метр;

      2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға - бір айға 70 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін - бір айға 250 киловатт;

      3) сумен қамтамасыз ету нормасы - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      4) кәріз - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      5) тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша;

      6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға: 1 шаршы метрге - 15 теңге;

      7) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына бір рет 3 тонна көмір.

      Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.

      16. Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      17. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру Талдықорған қаласының бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі тоқсанның соңғы айының 20-шы күнінен соңына дейін төленеді.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану рәсімі Қағиданың 50-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Талдыкорган

Решение маслихата города Талдыкорган области Жетісу от 28 марта 2024 года № 18-107. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 1 апреля 2024 года № 189-19

      В соответствии с пунктами 4,5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года №117"Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи"(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №189820), Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Талдыкорган согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Талдыкорган" от 24 ноября 2020 года №451 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 149375).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Талдыкорганского городского маслихата Т. Ахажан

  приложение к решению Талдыкорганского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 18-107

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Талдыкорган

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года №295/НҚ"Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №184492)и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от8 декабря 2023 года №117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи"(далее – Правила)(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под№189820).

Глава 1. Общие положения

      1. В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются основные понятия, указанные в пункте 2 Правил.

      2. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел координации занятости и социальных программ города Талдыкорган" (далее – уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным местными представительными органами, в размере 8 (восемь) процентов.

      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      5. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) в правеобратиться за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "электронного правительства".

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Жилищная помощь назначается и оказывается на текущий квартал, независимо от времени предоставления документов в квартале обращения.

      7. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) через веб-портал "электронного правительства" или Государственную корпорацию представляет заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам и документы согласно пункту 8 перечня основных требований к оказанию государственной услуги приложения 2 к Правилам.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      При повторном обращении услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы за истекший квартал перед обращением, за исключением случаев, предусмотренного пунктом 9настоящемРазмере и порядке оказания жилищной помощи в городе Талдыкорган.

      8. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      9. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным в Правилах;

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;

      4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучательлишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

      10.Совокупный доход малообеспеченной семьи (граждан) исчисляется в соответствии с пунктами 19-48 Правил.

      11. Получатели жилищной помощи извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер со дня их наступления.

      В случаях, когда получатель не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

      12. При назначении жилищной помощи в расчет принимается норма площади:

      1) на одного члена семьи - 18 квадратных метров полезной площади, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) для одиноко проживающих граждан постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которые находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан - 30 квадратных метров независимо от занимаемой площади, но не более фактической.

      13. Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых соответствующим уполномоченным органом.

      14. Тарифы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.

      15. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы:

      1) потребление газа - при наличии центрального газоснабжения на сжиженный газ - на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм, проживающим в жилом доме с печным отоплением - 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на семью;

      для приготовления пищи на 1-го человека - 10 кубических метров товарного газа;

      на отопление 1-го квадратного метра площади жилья товарным газом - 7 кубических метров;

      2) потребление электроэнергии: на 1-го человека - 70 киловатт в месяц, для семьи из 4-х и более человек - 250 киловатт в месяц;

      3) нормы на водоснабжение - на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;

      4) канализация - на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;

      5) вывоз твердых бытовых отходов - по предъявленным поставщиками счетам;

      6) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума: на 1 квадратный метр - 15 тенге;

      7) для потребителей твердого топлива: на жилье с печным отоплением - 3 тонны угля один раз на отопительный сезон.

      Расходы, принимаемые к расчету потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг.

      16. При расчете стоимости твердого топлива учитывается средняя цена сложившаяся за предыдущий квартал в регионе.

Глава 3. Финансирование и выплата жилищной помощи

      17. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Талдыкорган на соответствующий финансовый год.

      18. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисление начисленных сумм на лицевые счета получателя жилищной помощи. Выплата жилищной помощи будет производиться с 20 числа до конца последнего месяца квартала.

      19.Обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц, по вопросам оказания государственных услуг производится в соответствии с пунктом 50 Правил.