Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 27-162 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 3 желтоқсанда № 255-19 болып тіркелді

      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188604 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Талдықорған қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін Талдықорған қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.";

      7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдеріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен еріп жүретін адамдарға санаторийлік-курорттық емдеуге жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенім хат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

      Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) Үлгілік қағидаларына 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.

      АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      Өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      Әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларына 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.

      12. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган түскен жұмыс күн ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.

      Қағидалардың 6-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.";

      18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушіні бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:

      өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;

      ақпараттық жүйелерді пайдалану;

      өтініш берушіге өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.

      Өтініш беруші әкімшілік істі алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылығын білдіруге немесе айтуға құқылы.

      Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға өтініш берушіні тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

      Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.

      Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Үлгілік қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге Үлгілік қағидаларына 5-қосымшаға (бас тартқан жағдайда –Үлгілік қағидаларына 6-қосымшаға) сәйкес әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.

      Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.

      Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны өтініш беруші өзі келген кезде береді.

      Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.

      20. Мынадай:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;

      4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.

      21. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Талдықорған қаласының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      22. Мынадай:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Талдықорған қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      Алушылар әлеуметтік көмек алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      Мынадай мазмұндағы 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылсын:

      "25. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.

      Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      26. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.

      27. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:

      біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

      ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 29-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.

      28. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

      29. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.

      30. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.

      31. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.

      32. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

О внесении изменений и дополнений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 ноября 2023 года № 11-68 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган"

Решение маслихата города Талдыкорган области Жетісу от 28 ноября 2024 года № 27-162. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 3 декабря 2024 года № 255-19

      Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 ноября 2023 года № 11-68 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 188604) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Талдыкорган, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) социальная помощь – помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      4) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи – государственное учреждение "Отдел координации занятости и социальных программ города Талдыкорган";

      5) уполномоченная организация по выплате социальной помощи – банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта";

      6) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по области Жетісу";

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      9) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      10) уполномоченный государственный орган – Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      11) участковая комиссия –комиссия, создаваемая решением акима города Талдыкорган,для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      12) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи;

      13) сервис цифровых документов – объект информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", закрепленный за оператором и предназначенный для отображения и использования документов в электронном виде, сформированных на основании сведений из объектов информатизации;

      14) веб-портал "электронное правительство" (далее – портал) – объект информатизации, представляющий собой "единое окно" доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, государственным и иным услугам, оказываемым в электронной форме;

      15) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      3) наличие социально значимого заболевания;

      4) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами, в кратном отношении к прожиточному минимуму;

      5) сиротство, отсутствие родительского попечения;

      6) неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      7) освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации.

      При причинении ущерба имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара социальная помощь оказывается по месту нахождения пострадавшего имущества независимо от места регистрации его собственника.

      Перечень видов помощи по вышеуказанным основаниям для оказания социальной помощи и (или) проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается местными представительными органами.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.";

      подпункт 11 пункта 7изложить в следующей редакции:

      "11) одному из законныхпредставителей детей с инвалидностью и лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение единовременно без учета среднедушевого дохода в размере 70 (семидесяти) процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения.";

      пункты 10, 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "10. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются МИО.

      Списки получателей социальной помощи формируются на основании запроса в Государственную корпорацию либо иные организации, либо в электронном виде из информационных систем уполномоченного государственного органа.

      11. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи (или представитель по доверенности, выданной в соответствии со статьей 167 Гражданского кодекса Республики Казахстан) обращается письменно в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или к акиму поселка, села, сельского округа, или в Государственную корпорацию с заявлением по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам, или электронно на портал с заявлением по форме согласно приложению 1-1 к Типовым правилам.

      При письменном обращении специалист, принимающий документы, формирует запросы в соответствующие информационные системы (далее – ИС) государственных органов и (или) организаций через шлюз "электронное правительство" по форме согласно приложению 1-2 к Типовым правилам.

      При несоответствии (отсутствии) сведений в ИС заявителем к заявлению прилагаются следующие документы:

      1) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);

      2) сведения о доходах лица (членов семьи) (для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются);

      3) один из нижеперечисленных документов, подтверждающих факт наличия оснований для отнесения к категории нуждающихся:

      документ, подтверждающий факт причиненного ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      документ, подтверждающий факт причиненного ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      документ, подтверждающий факт наличия социально значимого заболевания;

      документ, подтверждающий факт сиротства, отсутствия родительского попечения;

      документ, подтверждающий факт неспособности к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      документ, подтверждающий факт освобождения из мест лишения свободы, нахождения на учете службы пробации.

      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю.

      При представлении заявителем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия заявителю выдается расписка об отказе в приеме заявления на оказание социальной помощи по форме согласно приложению 1-3 к Типовым правилам.

      При обращении заявителя за социальной помощью электронно посредством портала запрос в ИС государственных органов и (или) организаций для получения необходимых сведений осуществляется самим заявителем.

      При этом заявитель удостоверяет своей ЭЦП электронное заявление и сведения, поступившие из ИС государственных органов и (или) организаций.

      12. Поступившие заявления, в том числе электронные, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи регистрирует в день поступления в течение рабочего дня, а в случае поступления вне времени рабочего дня – в первый рабочий день после даты поступления заявления.

      При поступлении заявления на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по основаниям, указанным в подпунктах 1), 2) и 4) пункта 6 настоящих Правил, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или акимы поселка, села, сельского округа в течение 1(один) рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).";

      пункты 18, 19, 20, 21 и 22изложить в следующей редакции:

      "18. Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в течение 8 (восемь) рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 14 и 15Правил, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение 20 (двадцать) рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      При выявлении оснований для отказа в оказании социальной помощи уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в срок не позднее трех рабочих дней до принятия решения уведомляет заявителя о предварительном решении об отказе, а также проведении заслушивания для предоставления возможности выражения позиции по предварительному решению.

      Время и дата заслушивания устанавливаются уполномоченным органом по оказанию социальной помощи, которое проводится путем:

      приглашения заявителя на заслушивание посредством видеоконференцсвязи или иных средств коммуникации;

      использования информационных систем;

      иных способов связи, позволяющих заявителю изложить свою позицию.

      Заявитель вправе предоставить или высказать возражение к предварительному решению по административному делу в срок не позднее двух рабочих дней со дня его получения.

      В случае устного выражения заявителем своего возражения, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи, должностное лицо ведут протокол заслушивания.

      Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи, должностное лицо обязаны обеспечить заявителю возможность ознакомиться с протоколом заслушивания.

      Заявитель в течение трех рабочих дней после ознакомления вправе представить свои замечания на протокол заслушивания.

      По результатам рассмотрения замечаний уполномоченный орган по оказанию социальной помощи принимает решение об оказании (отказе в оказании) социальной помощи по форме согласно приложению 4 к Типовым правилам.

      19. Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи направляет заявителю уведомление о принятом решении об оказании социальной помощи согласно приложению 5 к Типовым правилам (в случае отказа – согласно приложению 6 к Типовым правилам).

      Если в заявлении на оказание социальной помощи указан номер мобильного телефона, зарегистрированного в базе мобильных граждан, уведомление об оказании социальной помощи (отказе в оказании) отправляется в автоматическом режиме посредством передачи sms-оповещения на мобильный телефон заявителя.

      При отсутствии возможности отправки sms-оповещения на мобильный телефон заявителя уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или Государственная корпорация распечатывают уведомление об оказании социальной помощи (отказе в оказании) и выдают его при личном обращении заявителю.

      При подаче заявления посредством портала уведомление об оказании социальной помощи (отказе в оказании) в автоматическом режиме в течение одного рабочего дня со дня принятия решения отправляется в личный кабинет заявителя посредством портала.

      20. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи), установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи;

      4) получения из информационной системы уполномоченного государственного органа сведений, подтверждающих факты назначения, осуществления выплат, подачи заявления на назначение социальной помощи по данному основанию.

      21. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Талдыкорган на текущий финансовый год.

      Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи переводит в Государственную корпорацию суммы социальной помощи.

      Государственная корпорация перечисляет суммы социальной помощи, полученные от уполномоченного органа по оказанию социальной помощи, на банковские счета получателей социальной помощи.

      22. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Талдыкорган;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем;

      5) выявления сведений об утрате оснований на оказание социальной помощи.

      Подпункт 3) настоящего пункта не распространяется на выплату социальной помощи, назначенной по основаниям, указанным в подпунктах 1) и 2) пункта 6Правил.

      Выплата социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 1)-3) настоящего пункта, прекращается со следующего месяца после наступления указанных обстоятельств.

      Выплата социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 4) и 5) настоящего пункта, прекращается с даты наступления указанных обстоятельств.

      Получатели в случае возникновения обстоятельств, влияющих на право получения социальной помощи, уведомляет о них в течение десяти рабочих дней.";

      дополнить пунктами 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 и 32 следующего содержания:

      "25. Для формирования категорий получателей на выплату социальной помощи к памятным датам и праздничным дням уполномоченным органом по оказанию социальной помощи инициируется запрос в информационные системы уполномоченного государственного органа на получение данных граждан, являющихся (активных) получателями пенсий и пособий.

      Сведения по получателям пенсий и пособий на оказание социальной помощи формируются по форме согласно приложению 7 к Типовым правилам.

      26. Процесс осуществления выплаты социальной помощи через Государственную корпорацию инициируется уполномоченным органом по оказанию социальной помощи при принятии им решения об оказании социальной помощи через информационные системы уполномоченного государственного органа.

      27. На основании принятого уполномоченным органом по оказанию социальной помощи решения об оказании социальной помощи Государственная корпорация формирует потребность в бюджетных средствах на выплату социальной помощи:

      по единовременным выплатам – ежедневно;

      по ежемесячным и ежеквартальным выплатам – к 29 числу месяца, предшествующего месяцу выплаты.

      28. После формирования потребности Государственная корпорация не позднее следующего рабочего дня направляет заявку о сумме потребности на выплату социальной помощи в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи.

      Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в течение двух рабочих дней после поступления заявки о сумме потребности на выплату социальной помощи перечисляет в Государственную корпорацию денежные средства в пределах сумм, предусмотренных заявкой о сумме потребности на выплату социальной помощи.

      По заявкам о суммах потребности на выплату социальной помощи, поступившим 27 числа месяца, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи перечисляет денежные средства в Государственную корпорацию не ранее первого числа месяца выплаты.

      29. Государственная корпорация в течение двух рабочих дней после поступления трансфертов формирует в соответствии с графиком выплаты платежные поручения и осуществляет выплату на банковские счета получателей.

      30. При возврате суммы социальной помощи из уполномоченной организации по выплате социальной помощи уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в течение трех рабочих дней, следующих за днем получения сведений из уполномоченной организации по выплате социальной помощи, вносит соответствующие изменения в информационную систему.

      31. Государственная корпорация не позднее последнего рабочего дня текущего месяца переводит в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи излишне зачисленные (выплаченные) суммы социальной помощи, поступившие на счет Государственной корпорации.

      32. Оплата банковских услуг, связанных с выплатой социальной помощи, осуществляется за счет средств местных бюджетов на основании договора, заключаемого между Государственной корпорацией и уполномоченным органом по оказанию социальной помощи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Талдыкорганского городского маслихата Т. Ахажан