Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176832 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 1- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. № 45 сайлау учаскесі.
Орталығы: Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі № 77, "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ілияс Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Үшарал қаласы, Жамбыл, Құрманғазы, Б. Майлин, Шәкәрім, Ғ. Мүсірепов, Мағжан Жұмабайұлы, Төле би № 2-ден 146-ға дейін (жұп жағы), № 1-ден 87-ге дейін (тақ жағы), Б. Момышұлы № 2-ден 82-ге дейін (жұп жағы), Б.Ыдырышұлы № 2-ден 28-ге дейін (жұп жағы), № 1-ден 59-ға дейін (тақ жағы), Т. Қарайғанов № 2-ден 44-ке дейін (жұп жағы), № 1-ден 51-ге дейін (тақ жағы), Абылайхан № 2-ден 40-қа дейін (жұп жағы), № 1-ден 39-ға дейін (тақ жағы), В.Тощенко № 2-ден 40-қа дейін (жұп жағы), № 1-ден 37-ге дейін (тақ жағы), Бексұлтан төре № 2-ден 30-ға дейін (жұп жағы), № 3-тен 37-ге дейін (тақ жағы), Абай № 9-дан 21-ге дейін (тақ жағы), Жеңіс № 2-ден 146-ға дейін (жұп жағы), №1-ден 129-ға дейін (тақ жағы), Қабанбай батыр № 2-ден 90-ға дейін (жұп жағы), № 1-ден 93-ке дейін (тақ жағы), В. Кашлаков № 2-ден 70-ке дейін (жұп жағы), № 1-ден 91-ге дейін (тақ жағы) көшелері.".
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2-тармақта:
екінші абзацтағы "А.Жұбанов" сөзінен кейін "Арап Әмірұлы" сөзімен толықтырылсын;
Екінші абзацтағы "Жеңіс № 131-ден 213-ке дейін (тақ жағы), № 148-ден 232-ге дейін (жұп жағы)" деген сөздер "Жеңіс № 131-ден 205-ке дейін (тақ жағы), № 148-ден 236-ге дейін (жұп жағы)" деген сөздерімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 3- тармақта:
екінші абзацтағы "8 - март" деген сөздер "8 наурыз" деген сөздерімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімнің қосымшасында 4- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. № 48 сайлау учаскесі.
Орталығы: Үшарал қаласы, С. Құсайын көшесі № 79, "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Үшарал қаласы, Ы. Алтынсарин, Қ. Сәтпаев, Ы. Әлібаев № 82-ден 128-ге дейін (жұп және тақ жағы), Исағұл Жолжанов №1-ден 8-ге дейін (жұп және тақ жағы), С. Құсайын № 60-тан 116-ға дейін (жұп жағы) № 61-ден 97-ге дейін (тақ жағы), Бөгенбай батыр № 55-тен 153-ке дейін (тақ жағы), № 60-тан 156-ға дейін (жұп жағы), Д. Қонаев № 29-дан 99-ға дейін (жұп және тақ жағы), Панфилов № 1-ден 53-ке дейін (тақ жағы), № 2-ден 66-ға дейін (жұп жағы), Г. Безродных № 21-ден 61-ге дейін (тақ жағы), Ә. Тиірменов № 22-ден 30-ға дейін (жұп жағы), М. Дулепов № 25-тен 29-ға дейін (тақ жағы), І. Жансүгіров № 38-ден 56-ға дейін (жұп жағы), № 39-дан 47-ге дейін (тақ жағы), Абай № 18-ден 50-ге дейін (жұп жағы), Б. Момышұлы № 93-тен 207-ге дейін (тақ жағы), Ш. Қалдаяқов № 5-тен 13-ке дейін (тақ жағы), № 10-нан 18-ге дейін (жұп жағы) көшелері.".
көрсетілген шешімнің қосымшасында 6- тармақта:
екінші абзацтағы "Жеңіс № 238-ден 298-ке дейін (жұп жағы), № 213-ден 283-ге дейін (тақ жағы)" деген сөздер "Жеңіс № 238-ден 272-ке дейін (жұп жағы), № 207-ден 221-ге дейін (тақ жағы)" деген сөздерімен ауыстырылсын.
екінші абзацтағы "Жеңіс № 238-ден 298-ке дейін (жұп жағы), № 213-ден 283-ге дейін (тақ жағы)" деген сөздерінен кейін "Зейнеп Қойшыбаева №274-ден 298-ге дейін (жұп жағы), №223-тен 283-ге дейін (тақ жағы)" деген сөздерімен толықтырылсын.
көрсетілген шешімнің қосымшасында 17- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"17. № 61 сайлау учаскесі.
Орталығы: Бескөл бекеті, М. Шоқай көшесі № 1, "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Бескөл бекеті, Ақан сері, Ақын Сара, Қорқыт Ата, Е. Сыпатаев, М. Шоқай, Қобыланды батыр, Н. Тілендиев, Райымбек батыр, Ә. Қастеев, Әл-Фараби, Бейбітшілік, М. Тынышбаев, Достық, Д. Нұрпейісова, Ә. Қабанбаев, Абай, Пушкин, Жібек жолы көшелері, № 5, 13 разъездері, Сайқан аумағы.".
көрсетілген шешімнің қосымшасында 20- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"20. № 64 сайлау учаскесі.
Орталығы: Ақтүбек ауылы, Т. Ысқақов көшесі № 11, "Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Ақтүбек ауылдық мәдениет үйі.
Шекаралары: Ақтүбек ауылының аумағы.".
көрсетілген шешімнің қосымшасында 31- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"31. № 75 сайлау учаскесі.
Орталығы: Қабанбай ауылы, М. Мұратбаев көшесі № 1 "А", "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Қабанбай ауылының орталық бөлігінің барлық көшелері Шынжылы өзеніне дейін, Наурызбай батыр көшесі № 5-тен 41-ге дейін (тақ жағы).".
көрсетілген шешімнің қосымшасында 52- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"52. № 96 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Жансүгіров көшесі № 5, "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Достық ауылы, Б. Момышұлы, Бейбітшілік, Бәкіров, әскери қалашық, Д. Қонаев, Достық, Ә. Молдағұлова, І. Жансүгіров, Қасабай, Д. Рақышев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Мақатаев көшелерінің аумағы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл ауданының әкімі | А. Абдинов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Алакөл аудандық аумақтық | |
сайлау комиссиясымен |