Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 тамыздағы "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 278 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 83269 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданының әкімі | Д. Халелов |