Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №370 "Сарқан ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекiту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92750 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан ауданының әкімі | Г. Маманбаев |