Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/04 Қаулысына қосымша |
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/04 "Қарағанды облысының Кенгір, Жезді су қоймаларында, Қаракенгір, Жезді, Атасу, Ақтасты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1911 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 53/03 "Қарағанды облысының Баир өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 29/03 "Қарағанды облысы Байқоңыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6327 болып тіркелген).