Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 6627-09 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген), Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Теміртау қалалық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

  Теміртау қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 25
шілдедегі
№ 17/4
шешіміне 1- қосымша

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

       коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары).

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

       6. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Теміртау қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 25
шілдедегі
№ 17/4
шешіміне 2- қосымша

Теміртау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін анықтау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2579 болып тіркелген).

      2. Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 31/7 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2742 болып тіркелген).

      3. Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 27/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 болып тіркелген).

      4. Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 47/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 болып тіркелген).

      5. Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6275 болып тіркелген).

      6. Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 6/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465-09 болып тіркелген).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау

Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 25 июля 2024 года № 17/4. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 29 июля 2024 года № 6627-09

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), Темиртауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения Темиртауского городского маслихата, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата А. Ломакин

  Приложение 1 к решению
Темиртауского городского
маслихата
от 25 июля 2024 года
№ 17/4

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищномфонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным в размере 5 (пяти) процентов.

      3. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау" (далее - услугодатель).

      4. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила предоставления жилищной помощи).

      5. При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      Жилищная помощь, оказывается услугополучателю за счет бюджетных средств по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг.

      6. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      7. Назначение жилищной помощи производится в течение текущего квартала, при этом совокупный доход услугополучателя и расходы о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде учитываются за предшествующий квартал.

      8. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      9. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год.

      10. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению
Темиртауского городского
маслихата
от 25 июля 2024 года
№ 17/4

Перечень утративших силу некоторых решений Темиртауского городского маслихата

      1. Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 6 марта 2014 года № 27/7 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2579).

      2. Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 20 августа 2014 года № 31/7 "О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2742).

      3. Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 26 июня 2018 года № 27/4 "О внесении изменений и дополнений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4871).

      4. Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 28 ноября 2019 года № 47/5 "О внесении изменений и дополнения в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5577).

      5. Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 18 марта 2021 года № 3/5 "О внесении изменений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6275).

      6. Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 30 июня 2023 года № 6/5 "О внесении изменений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6465-09).