Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) балаларды қорғау күні - 1 маусым;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) балаларды қорғау күні - 1 маусым:
жетім балаларға -10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге жылына 1 рет 14 күннен аспайтын, бірақ растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын табысты есепке алмағанда әлеуметтік көмек көрсету.
Санаториялық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Сакенов |