Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 47 "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерінің (бұдан әрі – Тәртіп) 7 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері тоқсан сайын әрбір мүгедектігі бар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткішке тең.";
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"5. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толу, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Нұра ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйегінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Нұра аудандық мәслихатының төрағасы | К. Жунусбеков |