2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 154 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қазанда № 8555-11 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 154 қаулысына қосымша

2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидия түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, теңге

1

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар: тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары

килограмм

18 000

7 560 000

2

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар: тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 граммға дейін)

дана

97 600

1 464 000

3

Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар

дана

1

500 000


Барлығы



9 524 000







Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2024 год

Постановление акимата Кызылординской области от 3 октября 2024 года № 154. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 9 октября 2024 года № 8555-11

      В соответствии с подпунктом 5-14) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 24 мая 2022 года № 180 "Об утверждении Правил субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28188) акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить объемы субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2024 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Кызылординской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области Н. Налибаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

  Приложение к постановлению
акимата Кызылординской области
от 3 октября 2024 года № 154

Объемы субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2024 год

Виды субсидий

Единица измерения

Субсидируемый объем

Сумма субсидии, тенге

1

Субсидии по возмещению расходов за приобретение рыбных кормов: карповые и их гибриды

килограмм

18 000

7 560 000

2

Субсидии по возмещению расходов за приобретение рыбопосадочного материала: молодь карповых и их гибридов (до 30 грамм)

штук

97 600

1 464 000

3

Субсидии по возмещению расходов за приобретение рыбоводно-биологического обоснования

штук

1

500 000


Итого



9 524 000