"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 8-2/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5506 болып тіркелген);
2) ""Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 8-2/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 113-17/4 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |