Арал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерiн құру туралы" Арал ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 28-ш шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасындағы № 8 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 8 сайлау учаскесі
Орталығы: Аралқұм ауылдық округі, Аралқұм ауылы, Аралқұм көшесі № 228, "Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 61 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Аралқұм, Мойнақ ауылдары;
осы шешімнің қосымшасындағы № 9 сайлау учаскесі алынып тасталсын;
осы шешімнің қосымшасындағы № 13, 16 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
№ 13 сайлау учаскесі
Орталығы: Райым ауылдық округі, Қызылжар ауылы, Жақсығұл Жалғасбаев көшесі № 16, "Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 81 орта мектебі"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Қызылжар ауылы;
№ 16 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетес би ауылдық округі, Райым ауылы, Райым көшесі № 30, "Жетес би ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Райым ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: Райым ауылы;
осы шешімнің қосымшасы № 388 сайлау учаскесімен толықтырылсын:
№ 388 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетес би ауылдық округі, Ескіұра ауылы, Ескіұра көшесі № 9, "Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 281 негізгі мектебі"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Ескіұра ауылы.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | А. Оңғарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"