Арал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 қазандағы № 281 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қазанда № 8562-11 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 324 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

  Арал аудандық мәслихатының
2024 жылғы 18 қазандағы
№ 281 шешіміне қосымша

Арал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған Арал ауданындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен "Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептейді.

      3. Алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      4. Тұрғын үй көмегін алушылар үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары кондоминиум объектісінің жалпы алаңы ішінде алушының жеке меншік көлеміне байланысты айқындалады.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегі келесі нормалар бойынша есептеледі:

      1) электр қуатын тұтыну нормалары 1 айға:

      1 адамға - 70 киловатт;

      2 адамға - 140 киловатт;

      3 және одан да көп адамға - 210 киловатт;

      2) газ тұтыну нормалары 1 айға:

      4 адамға дейін - 10 килограмм;

      4 және одан да көп адамға - 20 килограмм;

      табиғи газ:

      4 адамға дейін - 10 текше метр;

      4 және одан да көп адамға - 20 текше метр;

      3) отын тұтыну (көмір) жылу беру маусымына:

      Отбасына (азаматқа) айына - 1 тонна;

      табиғи газ жылу беру маусымына (әр айға) – 500 текше метр;

      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

      1 адамға - 18 шаршы метр;

      жалғыз тұратын адамдар үшін - 30 шаршы метр;

      5) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға - 18 шаршы метр;

      жалғыз тұратын адамдар үшін - 30 шаршы метр;

      6) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде.

      Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.

      Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      6. Тұрғын үй көмегін алушылар өздерiнiң тұрғын үйге меншiк нысанындағы, отбасы құрамының, оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерiстерi туралы уәкiлеттi органға 10 (он) жұмыс күнi iшiнде хабарлайды, көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес немесе жалған мәлімет ұсынылған кезде, тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал артық немесе негізсіз алынған сомаларын алушымен ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға тиіс.

      8. Уәкілетті орган артық немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін төлеу фактісі анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алушыға артық төленген немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін қайтару қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      9. Тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Арал аудандық бюджетінен ағымдағы қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде аудару арқылы жүзеге асырылады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аральском районе

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 18 октября 2024 года № 281. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 29 октября 2024 года № 8562-11

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) Аральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Аральском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Аральского районного маслихата от 11 марта 2020 года № 324 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7276).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аральского районного маслихата Б. Турахметов

  Приложение к решению
Аральского районного маслихата
от 18 октября 2024 года № 281

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Аральском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - получатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище в Аральском районе, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы получателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Совокупный доход получателя, претендующего на получение жилищной помощи, исчисляется коммунальным государственным учреждением "Аральский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – уполномоченный орган), в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763).

      3. Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу получателя устанавливается в размере 10 (десяти) процентов.

      4. Расходы на проведение капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума для получателей жилищной помощи определяются путем соотношения площади индивидуальной собственности получателя к общей площади объекта кондоминиума.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      Жилищная помощь исчисляется по следующим нормам:

      1) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      на 1 человека - 70 киловатт;

      на 2 человека - 140 киловатт;

      на 3 и более человека - 210 киловатт;

      2) нормы потребления газа на 1 месяц:

      до 4-х человек - 10 килограмм;

      на 4 и более человека - 20 килограмм;

      природный газ:

      до 4-х человек - 10 кубических метров;

      на 4 и более человек - 20 кубических метров;

      3) потребления топлива (уголь) на отопительный сезон:

      на семью (гражданину) в месяц - 1 тонна;

      природный газ в отопительный сезон (на каждый месяц) - 500 кубических метров;

      4) содержание жилья ежемесячно:

      на 1 человека - 18 квадратных метров;

      для одиноко проживающих людей - 30 квадратный метр;

      5) теплоснабжение ежемесячно:

      на 1 человека - 18 квадратных метров;

      для одиноко проживающих людей - 30 квадратный метр;

      6) в части увеличения арендной платы за пользование жилищем.

      При расчете социальной нормы потребителям, имеющим приборы учета коммунальных услуг, применяются фактические затраты по показаниям счетчиков, но не выше установленных тарифов и нормативов.

      Нормы платы потребления и тарифы коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг.

      6. Получатели жилищной помощи в течение 10 (десяти) рабочих дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, состава семьи, ее совокупного дохода, несут ответственность за достоверность представленных сведений в установленном законодательством порядке.

      7. При предоставлении неполных или недостоверных сведений, повлекших назначение жилищной помощи, выплата жилищной помощи прекращается, а излишние или необоснованно полученные суммы подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа в установленном законодательством порядке.

      8. Уполномоченный орган в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня установления факта излишне или необоснованно выплаченной жилищной помощи направляет получателю письменное уведомление о необходимости возврата излишне выплаченной или необоснованно выплаченной жилищной помощи.

      9. Финансирование расходов за оказание жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Аральского района на текущий финансовый год.

      10. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей в срок до 25 числа месяца, следующего за месяцем принятия решения.