Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 358 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7549 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
5) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә. Қошалақов |