"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Төменарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төменарық ауылдық округі, Төменарық ауылындағы "Елтай" көшесі "Ермахан Сүттібайұлы" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төменарық ауылдық округінің әкімі | Б. Аймбетов |