Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №7/75 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4658-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2024 жылғы 5 сәуірдегі | |
№ 10/105 шешіміне қосымша | |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2023 жылғы 8 желтоқсандағы | |
№7/75 шешіміне қосымша |
Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
№ | Маршрут атауы және нөмірі | Маршрут түрі |
1 | № 13А | "Маңғыстау-Дәулет-Қызылтөбе" |
2 | "Маңғыстау-Атамекен" | Ауданішілік |
3 | "Маңғыстау-Батыр" | Ауданішілік |