"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 39/465 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4381 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |