"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 1 қарашадағы | |
№ 218 қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар
№ | Аса тапшы медициналық мамандықтар атауы |
1 | Жалпы дәрігерлік практика (Мұнайлы ауданын қоспағанда) |
2 | Отбасы медицинасы (Мұнайлы ауданын қоспағанда) |
3 | Клиникалық зертханалық диагностика |
4 | Терапия |
5 | Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) |
6 | Педиатрия |
7 | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
8 | Психиатрия (ересектер, балалар) |
9 | Неврология (ересектер, балалар) |
10 | Офтальмология (ересектер, балалар) |
11 | Кардиология (ересектер, балалар) |
12 | Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) |
13 | Неонатология |
14 | Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) |
15 | Онкология (ересектер) |
16 | Балалар онкологиясы және гемотологиясы |
17 | Фтизиатрия (ересектер, балалар) |
18 | Клиникалық фармокология |
19 | Оториноларингология (ересектер, балалар) |
20 | Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) |
21 | Эндокринология (ересектер, балалар) |
22 | Радиология |
23 | Жалпы хирургия |
24 | Балалар хирургиясы |