"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы №14/120 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4679-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А. Бораш |