Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 7/74 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
орыс тіліндегі 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";
6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғаларға (жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болуы), жылына 1 рет – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Қалаубай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесі