Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№ 159 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 159 сайлау учаскесі
Орталығы: Құланды ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Құланды ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 55-060.
Шекарасы: Құланды ауылының барлық үйлері.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | С. Төретаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы