Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес, Қарақия ауданының Құрық ауылының шекарасы өзгертілсін және белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | С. Төретаев |
Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Қалаубай |
Қарақия ауданының әкімдігі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 23/196 мен Қарақия аудандық
мәслихатының 2024 жылғы 27
желтоқсандағы № 23/196
бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша
Қарақия ауданының Құрық ауылының шекарасының схемалық картасы
Шартты белгілер:
Құрық ауылының жерлері, жалпы ауданы 179283,5924 гектар
Каспий теңізі
Қарақия ауданының Құрық ауылының жерлерінің экспликациясы
Атауы | Ауданы, гектар |
Жерлерді қосқанға дейінгі Құрық ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы | 166298,4 |
Құрық ауылының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы | 12985,1924 |
Жерлерді қосқаннан кейінгі Құрық ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы | 179283,5924 |