Маңғыстау ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 10/77 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 4684-12 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Маңғыстау аудандық мәслихаты төрағасының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Б. Казыбаев

О понижении размера ставки при применении специального налогового режима розничного налога по Мангистаускому району

Решение Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 29 марта 2024 года № 10/77. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 29 марта 2024 года № 4684-12

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Мангистауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки при применении специального налогового режима розничного налога по Мангистаускому району с 4 (четырех) процентов до 3 (трех) процентов.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Временно осуществляющий полномочия председателя
      Мангистауского районного маслихата Б. Казыбаев