Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 19 тамыздағы № 427 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9398 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орын" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орын";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды".
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) әкімшілік-аумақтық бірлігінің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауiпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететiн қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихатының төрағасы | К. Мухамадиева |