Мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 "Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 қазандағы № 104 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 қарашада № 10305-10 болып тіркелді

      Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 "Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 26386 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 2, 4, 6 және 7-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – өкілетті орган) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізіледі.";

      "4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      "6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.";

      "7. Оқу жылы ішінде мүгедектігі бар әр балаға оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мусапирова

О внесении изменений в решение маслихата от 30 декабря 2021 года № 65 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Алтынсаринском районе"

Решение маслихата Алтынсаринского района Костанайской области от 30 октября 2024 года № 104. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 7 ноября 2024 года № 10305-10

      Алтынсаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Алтынсаринском районе" от 30 декабря 2021 года № 65 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26386) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению пункты 2, 4, 6 и 7 изложить в новой редакции:

      "2. Возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Алтынсаринского района" (далее – уполномоченный орган) на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.";

      "4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.";

      "6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "Электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.";

      "7. Размер возмещения затрат на обучение равен восьми месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно в течение учебного года.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Мусапирова