"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9449 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меңдіқара ауданының әкімі | Г. Бекбаев |