Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140838 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы бойынша 2024 жылға келесі бағыттар бойынша бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін:
тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 1 930 858 000 (бір миллиард тоғыз жүз отыз миллион сегіз жүз елу сегіз мың) теңге;
тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 2 002 635 000 (екі миллиард екі миллион алты жүз отыз бес мың) теңге;
пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 1 642 764 000 (бір миллиард алты жүз қырық екі миллион жеті жүз алпыс төрт мың) теңге.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |