Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 166/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 желтоқсанда № 7626-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ташенев

  Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
19 желтоқсандағы № 166/27
шешіміне қосымша

Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Ақтоғай ауданның Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен Ақтоғай ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Ақтоғай аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымды аудандық мәслихатының депутаттары, Ақтоғай ауданының әкімі, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Ақтоғай ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданның ауыл округтері әкімдері, Ақтоғай ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

2-тарау. Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасының формасы:

      қазақ тілінде: Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасы;

      орыс тілінде: Почетная грамота Актогайского района.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен жойылған түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Ақтоғай ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Актогайский район" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жақтарында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3-тарау. Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы шешім Ақтоғай аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және Ақтоғай ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында наградтау туралы шешім жарияланады.

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде марапатталушыға жеке табыс етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша тұлғаға табыс етіледі.

      8. Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Ақтоғай аудандық мәслихатының жанында құрылған заңнамалық сұрақтары және әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Наградтау бойынша материалдар Ақтоғай аудандық мәслихатында сақталады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Актогайского района

Решение Актогайского районного маслихата Павлодарской области от 19 декабря 2024 года № 166/27. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 20 декабря 2024 года № 7626-14

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Актогайского района.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актогайского районного маслихата по вопросам социальной сферы и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Актогайского районного маслихата Ж. Ташенев

  Приложение
к решению Актогайского
районного маслихата
Павлодарской области
от 19 декабря 2024 года
№ 166/27

Положение о награждении Почетной грамотой Актогайского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение разработано в соответствии Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой Актогайского района и ее вручения.

      2. Почетной грамотой Актогайского района награждаются граждане, трудовые коллективы и организации в знак признания заслуг перед Актогайским районом, за значительные достижения и личный вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки, культуры, образования, укрепление межнационального согласия и взаимопонимания, в воинской, а также иной государственной службе и общественной деятельности региона.

      3. Представления к награждению Почетной грамотой вносят в Актогайский районный маслихат депутаты Актогайского районного маслихата, аким Актогайского района, руководители исполнительных органов, финансируемых из бюджета района, территориальные подразделения центральных государственных органов, действующих на территории Актогайского района, акимы сельских округов района, коллегиальные органы общественных и религиозных объединений Актогайского района.

      4. В наградном листе установленного образца излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем предприятия, организации, учреждения, государственного органа.

Глава 2. Описание Почетной грамоты Актогайского района

      5. Форма Почетной грамоты Актогайского района:

      на казахском языке: Ақтоғай ауданының Құрмет грамотасы;

      на русском языке: Почетная грамота Актогайского района.

      Почетная грамота состоит из папки голубого цвета с вкладышем с изображением герба Республики Казахстан на лицевой стороне и надписью на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги. На лицевой стороне вкладыша в верхней части нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи на казахском языке в верхней части "Ақтоғай ауданы" и внизу на русском языке "Актогайский район".

      На развороте с левой и правой сторон вкладыша нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи с левой стороны на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и с правой стороны на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на государственном языке.

      С правой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на русском языке.

Глава 3. Порядок вручения Почетной грамоты Актогайского района

      6. Решение о награждении Почетной грамотой Актогайского района принимается на сессии Актогайского районного маслихата.

      Почетная грамота подписывается председателем районного маслихата и акимом Актогайского района.

      Перед вручением Почетной грамоты оглашается решение о награждении.

      7. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким и (или) председатель районного маслихата либо лицо по их поручению.

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой Актогайского района направляются в постоянную комиссию по вопросам социальной сферы и законности, созданную при маслихате Актогайского района.

      9. Материалы по награждению хранятся в маслихате Актогайского района.