Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 273-63-6 "Ертіс ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 62-15-8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 қаңтарда № 7460-14 болып тіркелді

      Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 273-63-6 "Ертіс ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7175 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ертіс аудандық
  мәслихатының 2024 жылғы
12 қаңтардағы № 62-15-8
шешіміне қосымша

Ертіс ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

О внесении изменения в решение Иртышского районного маслихата от 6 января 2021 года № 273-63-6 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Иртышском районе"

Решение Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 12 января 2024 года № 62-15-8. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 24 января 2024 года № 7460-14

      Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Иртышского районного маслихата от 6 января 2021 года № 273-63-6 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Иртышском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых правовых актов под № 7175), следующее изменение:

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии Иртышского районного маслихата по бюджету, социальной политике и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Иртышского районного маслихата Б. Шингисов

  Приложение
  к решению Иртышского
районного маслихата
от 12 января 2024 года
№ 62-15-8

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Иртышском районе

      Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от границ прилегающих территорий следующих объектов:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.