Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 124/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 мамырда № 7553-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1-6-қосымшаларына сәйкес;

      Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауданының әкімі А. Мангутов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 124/4 қаулысына
1-қосымша

Қызылдау ауылында тұратын балаларды Калиновка жалпы орта бiлiм беру мектебіне тасымалдау схемасы



  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 124/4 қаулысына
2-қосымша

Воронцовка, Конторка ауылдарында тұратын балаларды Томарлы ауылының жалпы орта бiлiм беру мектебіне тасымалдау схемасы



      Шартты белгілер:



      L – Томарлы ауылының жалпы орта білім беру мектебінен Воронцовка, Конторка ауылдарына дейінгі арақашықтық

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 124/4 қаулысына
3-қосымша

Новоспасовка ауылында тұратын балаларды Ивановка жалпы орта бiлiм беру мектебіне тасымалдау схемасы



      Шартты белгілер:



      L - Ивановка жалпы орта білім беру мектебінен Новоспасовка ауылына дейінгі арақашықтық

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 124/4 қаулысына
4-қосымша

Қарасуық ауылында тұратын балаларды Песчан № 2 жалпы орта бiлiм беру мектебіне тасымалдау схемасы



      Шартты белгілер:



      L – Песчан № 2 жалпы орта білім беру мектебінен Қарасуық ауылына дейінгі арақашықтық

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 124/4 қаулысына
5-қосымша

Луговое, Осьмерыжск ауылдарында тұратын балаларды Береговое жалпы орта бiлiм беру мектебіне тасымалдау схемасы



      Шартты белгілер:



      L – Береговое жалпы орта білім беру мектебінен Осьмерыжск және Луговое ауылдарына дейінгі арақашықтық

  Тереңкөл ауданы
әкімдігінің 2024 жылғы
28 мамырдағы № 124/4
қаулысына 6-қосымша

Юбилейное ауылында тұратын балаларды А.Н. Ңлгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы



      Шартты белгілер:



      L - А.Н. Ңлгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебінен Юбилейное ауылына дейінгі арақашықтық

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 124/4 қаулысына
7-қосымша

Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" № 349 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" № 534 бұйрығына сәйкес әзірленген және Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      2. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.

      3. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi – жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.

      4. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы тиіс:

      1) ешқандай кедергісіз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиіс;

      2) жабық жай-күйде жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуін толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

      3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;

      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

      5) тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені. Салон еденінің жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;

      6) шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де заттардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары;

      7) жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.

      5. Автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемінде бір рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.

      Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.

3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

      6. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердің жалпы саны осы көлік құралы үшін белгіленген және отыру үшін жабдықталған орындардың санынан аспайды.

      7. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

      8. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиіс.

      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

      9. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

      10. Балалардың топтарын көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.

      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы білім беру ұйымдарына дереу хабарлауға тиіс.

      11. Тәуліктің жарық мезгілінде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

      12. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен білім беру ұйымдарымен келіседі.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетілген болуы тиіс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы білім беру ұйымдарын хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      13. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.

      Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.

      14. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:

      1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;

      2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.

      15. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргізушілерге рұқсат етіледі:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;

      2) автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.

      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.

      16. Тасымалдаушы рейс алдындағы және рейстен кейін медициналық куәландырудан өтпеген жүргiзушiні жол жүруге жібермейді.

      17. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргiзушiсіне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

      18. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

      19. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

      20. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Осы тәртіппен Тереңкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл

Постановление акимата района Тереңкөл Павлодарской области от 28 мая 2024 года № 124/4. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 29 мая 2024 года № 7553-14

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" акимат района Тереңкөл ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл согласно приложениям 1-6 к настоящему постановлению;

      порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл согласно приложению 7 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района Тереңкөл.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Тереңкөл А. Мангутов

  Приложение 1
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Схема перевозки детей, проживающих в селе Кызылдау в Калиновскую среднюю общеобразовательную школу



  Приложение 2
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Схема перевозки детей, проживающих в селах Воронцовка, Конторка в среднюю общеобразовательную школу села Томарлы



  Приложение 3
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Схема перевозки детей, проживающих в селе Новоспасовка в Ивановскую среднюю общеобразовательную школу



      Условные обозначения:



  Приложение 4
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Схема перевозки детей, проживающих в селе Карасук в Песчанскую среднюю общеобразовательную школу № 2



      Условные обозначения:



      L - протяженность от Песчанской средней общеобразовательной школы № 2 до села Карасук

  Приложение 5
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Схема перевозки детей, проживающих в селах Луговое, Осьмерыжск в Береговую среднюю общеобразовательную школу





  Приложение 6
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Схема перевозки детей, проживающих в селе Юбилейное в среднюю общеобразовательную школу № 1 имени А.Н. Ңлгина





  Приложение 7
к постановлению акимата
района Тереңкөл
от 28 мая 2024 года
№ 124/4

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл разработан в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом", приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл.

Глава 2. Требования к автотранспортным средствам

      2. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям Правил технической эксплуатации автотранспортных средств, утверждаемых уполномоченным органом, осуществляющим руководство в области автомобильного транспорта.

      3. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и соответствуют пункту 1 приложения 25 к Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2021 года № ҚР ДСМ-5 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22066), а также оборудуются:

      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые устанавливаются спереди и сзади автобуса;

      2) проблесковым маячком желтого цвета;

      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один – в кабине водителя, другой – в пассажирском салоне автобуса);

      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными) с лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения согласно перечню лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9649);

      5) двумя противооткатными упорами;

      6) знаком аварийной остановки;

      7) при следовании в колонне – информационной табличкой, с указанием места автобуса в колонне, которая устанавливается на лобовом стекле автобуса справа по ходу движения.

      4. Автобусы, используемые для перевозок детей, должны иметь:

      1) двери пассажирского салона и аварийные люки, открывающиеся и закрывающиеся без каких-либо помех. Двери не должны иметь острых или далеко отстоящих от их поверхности выступов;

      2) крыша, аварийные люки и окна, которые в закрытом состоянии полностью предотвращают попадание атмосферных осадков в кабину водителя и пассажирский салон;

      3) прочно закрепленные поручни и сидения;

      4) чистые и без порывов обшивки сидений и спинок кресел для пассажиров;

      5) ровные, без выступающих или незакрепленных деталей, подножки и пол салона. Покрытие пола салона выполняется из сплошного материала без порывов;

      6) прозрачные стекла окон, очищенные от пыли, грязи, краски и иных предметов, снижающих видимость через них;

      7) пассажирский салон, отапливаемый в холодное и вентилируемый в жаркое время года, не загроможденный инструментом и запасными частями.

      5. Влажная уборка салонов автобусов проводится не менее одного раза в смену и по мере загрязнения с применением моющих и дезинфицирующих средств.

      Наружная мойка кузова проводится после окончания смены.

Глава 3. Порядок перевозок детей

      6. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.

      7. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.

      8. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.

      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.

      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.

      9. Заказчик перевозок детей в учебные заведения (далее – организации образования) регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.

      10. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другие) не допускается.

      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом организации образования.

      11. Перевозка детей автобусом в светлое время суток осуществляется с включенным ближним светом фар.

      12. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и организациями образования.

      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает организации образования, которые принимают меры по своевременному оповещению детей.

      13. К перевозкам организованных групп детей допускаются дети не младше семи лет.

      Дети, не достигшие семилетнего возраста, могут быть допущены к поездке только при индивидуальном сопровождении работниками учреждения образования, а также родителями и лицами, их заменяющими.

      14. К поездке на автобусах не допускаются дети и взрослые сопровождающие:

      1) в возбужденном состоянии, которое приводит к нарушению мер безопасности;

      2) находящиеся под воздействием алкоголя, наркотических, психотропных и токсических веществ.

      15. Для перевозки детей допускаются водители:

      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;

      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;

      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.

      Стаж работы водителя в организации, которая направляет его на перевозку детей, составляет не менее трех лет.

      Водители, назначаемые на перевозки детей автобусами вместимостью более 41 места, а также на любые перевозки детей в междугородном сообщении, должны иметь стаж работы на автобусах не менее пяти лет.

      16. Перевозчиком не допускается к поездке водитель, не прошедший предрейсовое и послерейсовое медицинское освидетельствование.

      17. Водителю автобуса при перевозке детей не позволяется:

      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;

      2) изменять маршрут следования;

      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;

      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;

      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;

      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;

      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

      18. Посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя.

      19. Движение автобуса с места посадки (высадки) водителю разрешается начинать только после сообщения сопровождающего об окончании посадки (высадки) и полного закрытия дверей автобуса.

      20. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса, во время остановок.

Глава 4. Заключительные положения

      21. Отношения по перевозкам в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Тереңкөл, не урегулированные настоящим порядком, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.