Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 130784 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Бобровка ауылдық округі" деген жол "Жаңабет ауылдық округі" деген жолмен ауыстырылсын;
"Федоровка ауылдық округі" деген жол "Томарлы ауылдық округі" деген жолмен ауыстырылсын;
25-жолдағы "Федоровка" деген сөздер "Томарлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Верненка ауылдық округі" деген жол "Алтай ауылдық округі" деген жолмен ауыстырылсын;
27-жолдағы "Львовка" деген сөздер "Алтай" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Воскресенка ауылдық округі" деген жол "Әулиеағаш ауылдық округі" деген жолмен ауыстырылсын;
29-жолдағы "Березовка" деген сөздер "Аққайың" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
30. | Әулиеағаш ауылы | Асар көшесі, 1, "Әулиеағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында |
";
31-жолдағы "Трофимовка" деген сөздер "Қоржынкөл" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауданының әкімі | А. Мангутов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тереңкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы