"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің "Успен ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 30 мамырдағы № 160/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Успен ауданының әкімі | Н. Мақашев |