Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 605-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 146 шешіміне қосымша |
Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері
Р/с | Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналыстырудың бір жағы үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш – бұдан әрі АЕК) | |
"А" санаты | "B" санаты | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 шаршы метрге (бұдан әрі - ш.м) дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама | 4 | 2 |
2. | Лайтбокстар (сити-форматта) | 6 | 3 |
3. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | ||
3.1. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 10 | 5 |
3.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 20 | 10 |
3.3. | 10-нан 20 ш.м-ге дейін | 40 | 20 |
3.4. | 20-дан 30 ш.м-ге дейін | 60 | 30 |
3.5. | 30-дан 50 ш.м-ге дейін | 100 | 50 |
3.6. | 50-ден 70 ш.м-ге дейін | 140 | 70 |
3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 200 | 100 |
4. | Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | ||
4.1. | 30 ш.м-ге дейін | 60 | 30 |
4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 |
5. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: | ||
5.1. | 5 ш.м-ге дейін | 2 | 1 |
5.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 4 | 2 |
5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 6 | 3 |
6. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: | ||
6.1. | 2 ш.м-ге дейін | 4 | 2 |
6.2. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 4 | 2 |
6.3. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 6 | 3 |
6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 16 | 8 |
7. | Жылжымалы жайма жарнама | 10 | 10 |
8. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | ||
8.1. | 20 ш.м-ге дейін | 40 | 20 |
8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 60 | 30 |
9. | Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама | 6 | 3 |
Санаттар бойынша Алматы қаласының негізгі алаңдары мен магистральдарының тізбесі:
"А" санаты: Достық даңғылы, Керей-Жәнібек хандар көшесі "Медеу" мемлекеттік табиғи паркінің шекарасына дейін, Райымбек даңғылы, Дінмухамед Қонаев көшесі, Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі, Абай Қунанбаев даңғылы, Абылай хан даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Нұрсултан Назарбаев даңғылы, Бауыржан Момышулы көшесі, Суюнбай Аронулы даңғылы, Жумағали Сайын көшесі, Сакен Сейфуллин даңғылы, Бекен Жамакаев көшесі, Александр Пушкин көшесі, Тайыр Жароков көшесі, Каныш Сатпаев көшесі, Хаджимукан Маунайтпасов көшесі, Ахмет Байтурсынулы көшесі, Ыбырай Алтынсарин даңғылы, Турар Рыскулов даңғылы, Желтоксан көшесі, Николай Гоголь көшесі, Жібек Жолы даңғылы, Жамбыл Жабаев көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Қарасай батыр көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Төле би көшесі, Қазыбек би көшесі, Айтеке би көшесі, Муқағали Мақатаев көшесі, Бейимбет Майлин көшесі, Өтеген батыр көшесі, Юрий Гагарин даңғылы, Богдан Хмельницкого көшесі, Северное кольцо шоссесі, Абдулла Розыбакиев көшесі, Шәмші Қалдаяков көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Климент Тимирязев көшесі, Ораз Жандосов көшесі, Магазы Масанчи көшесі, Маншук Маметова көшесі, Тургут Озал көшесі, Омирбек Жолдасбеков көшесі, Малбагар Мендикулов атындағы бульвар, Иван Панфилов көшесі (Әл-Фараби даңғылынан төмен), Махатма Ганди көшесі, Мухтар Ауэзов көшесі, Алишер Навои көшесі, Илияс Жансугуров көшесі, Федор Шаляпин көшесі, Гани Муратбаев көшесі, Иса Байзаков көшесі, Манас көшесі, Тарас Шевченко көшесі, Шығыс айналма жол, Бурундайская көшесі, үлкен Алматы каналы бойындағы көше, Алихан Бокейханов көшесі, Ермухан Бекмаханов көшесі, Акан сері көшесі, Байкен Ашимов көшесі, Ахмет Яссауи көшесі, Габиден Мустафин көшесі, Мухаммед Хайдар Дулати көшесі, Асанбай Аскаров көшесі, Садыков көшесі, Алатау даңғылы, Монке би көшесі, Магжан Жумабаев көшесі, Рихарда Зорге көшесі, Михаил Шолохов көшесі, Григорий Шемякин көшесі, Жумахан Кудерин көшесі, Петр Емцов көшесі, Бухар Жырау бульварі, Нургиса Тлендиев көшесі, Евгений Брусиловского көшесі, Султанмахмуд Торайгыров көшесі, Зейнолла Кабдолов көшесі, Ахмет Жубанов көшесі, Фариза Онгарсынова көшесі, Сабит Муканов көшесі, Серкебаев даңғылы, Юрий Померанцев көшесі, Республика алаңы, "Астана" алаңы, автокөлік айырбастары, әуежай, автовокзалдар мен теміржол вокзалдары, спорттық іс-шаралар өтетін және мәдени-бұқаралық демалыс орындары, қалаға кіру, қаладан шығу.
"В" санаты: "А" санатына кірмеген барлық басқа орындар, алаңдар және автомобиль жолдары.