Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 168 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 желтоқсанда № 1794-02 болып тіркелді

      Ескерту. 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.03.2025 дейін қолданылады - осы шешімінің 2-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 31 наурызына дейін қолданылады.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 29 қарашадағы

  № 168
шешіміне қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары

      1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары;

      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) ақшалай нысанда көрсетіледі және Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген азаматтарға ұсынылады.

      4. Әлеуметтік көмек 2024 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын қаржы жылына көрсетіледі.

      Төлем ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік көмек алушылар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;

      7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;

      8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге;

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда.

      7. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдарға республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кірісті есепке алмай көрсетіледі.

      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бірнеше санатқа жататын әрбір адамға әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша аударылады.

      9. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушылар болып табылған адамдарға уәкілетті органға жүгінбей тағайындалады.

      Өтініш берушілерге 2024 жылғы 1 шілдеден кейін әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш берілген айдан бастап төленеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан тұрғылықты жерін тіркеу орны бойынша уәкілетті органға немесе "Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш береді.

      Әлеуметтік көмек алуға өтініш осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.

      Өтініш Басқармаға берілген жағдайда, бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тіркелген жері бойынша уәкілетті органға қарау үшін беріледі.

      Басқармаға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      11. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталуы;

      2) тұрғын үй көмегін алуы;

      3) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген санаттарға кірмейтін адамға.

      14. Әлеуметтік көмек алушылар өздерінің тұрақты тұрғылықты жерін тіркеу орны бойынша уәкілетті органға оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы он жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      15. Алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлеу азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан (АХАТ) алынған алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер және (немесе) тізімдер негізінде тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына көзделген Алматы қаласы бюджетінің мүмкіндігін ескере отырып, әлеуметтік көмек алушылардың осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген әрбір жеке санаты бойынша жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      17. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      5) тұрғын үй көмегін тағайындаған.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      18. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

  Мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына коммуналдық қызметтерге
тарифтердің көтерілуіне байланысты
әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы
төлеу мөлшерін белгілеу
Қағидаларына қосымша
Нысан
Уәкілетті органның басшысына

  ___________________________________
(қала, аудан)

Өтініш

      Тегі:______________________________________________________________________

      Аты: _____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________

      Туған күні "____" _____________ _____ жыл

      ЖСН _____________________________________________________________________

      Мәртебесі: ________________________________________________________________

      Сізден санат бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуіңізді сұраймын_____________________________________________

      Үйінің мекенжайы: _________________________________________________________

      Телефон: __________________________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының № ___________________________________________________________

      Шот түрі: _________________________________________________________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін. Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін. Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      20____ жылғы "____" ___________

      _____________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

      Құжаттарды қабылдаған:

      ______________________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20____ жылғы "____" ____________

Об утверждении Правил оказания социальной помощи и установления размера выплаты компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги

Решение очередной XXIV сессии маслихата города Алматы от 29 ноября 2024 года № 168. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 4 декабря 2024 года № 1794-02

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п.2 настоящего решения.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Алматы РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи и установления размера выплаты компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 июля 2024 года и действует до 31 марта 2025 года.

      Председатель маслихата города Алматы М. Отыншиев

  Приложение к решению
маслихата города Алматы
от 29 ноября 2024 года № 168

Правила оказания социальной помощи и установления размера выплаты компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи и установления размера выплаты компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и определяют порядок оказания социальной помощи.

1. Общие положения

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) уполномоченный орган – аппараты акимов районов города Алматы, осуществляющие оказание социальной помощи.

      3. Социальная помощь на выплату компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги (далее – социальная помощь) оказывается в денежной форме акиматом города Алматы и предоставляется гражданам, постоянно зарегистрированным и проживающим в городе Алматы.

      4. Социальная помощь предоставляется с 1 июля 2024 года, ежемесячно на финансовый год.

      Выплата социальной помощи осуществляется ежемесячно к 10 числу месяца, следующего за месяцем принятия решения о назначении социальной помощи.

      5. Получатели социальной помощи несут ответственность за достоверность представленных сведений в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размера социальной помощи

      6. Социальная помощь оказывается следующим отдельным категориям нуждающихся граждан:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      3) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      4) лицам с инвалидностью первой и второй групп;

      5) семьям, имеющим или воспитывающим ребенка (детей) с инвалидностью;

      6) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", многодетным семьям;

      7) семьям лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасении человеческой жизни, при охране правопорядка;

      8) пенсионерам по возрасту, согласно пункту 1 статьи 207 Социального Кодекса Республики Казахстан;

      9) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, за исключением содержащихся на полном государственном обеспечении. 

      7. Социальная помощь оказывается лицам, указанным в пункте 6 настоящих Правил, без учҰта дохода в размере 0,8 месячного расчетного показателя, устанавливаемого на соответствующий финансовый год Законом о республиканском бюджете.

      8. Каждому лицу, относящемуся к нескольким категориям, указанным в пункте 6 настоящих Правил, социальная помощь перечисляется только по одному основанию.

      9. Социальная помощь назначается без обращения в уполномоченный орган лицам, указанным в пункте 6 настоящих Правил, являющимися по состоянию на 30 июня 2024 года получателями выплаты компенсации в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги.

      Обратившимся после 1 июля 2024 года социальная помощь назначается и выплачивается с месяца подачи заявления.

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Для получения социальной помощи заявитель от себя или от имени семьи предоставляет в уполномоченный орган по месту регистрации места жительства, либо в коммунальное государственное учреждение "Управление занятости и социальных программ города Алматы" (далее – Управление) заявление и документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности).

      Заявление на получение социальной помощи подается по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      В случае подачи заявления в Управление, заявление в течение одного рабочего дня передается в уполномоченный орган по месту регистрации заявителя для рассмотрения.

      При обращении в Управление день приема не входит в срок оказания государственной услуги.

      11. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании заявления

      12. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа – с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      13. В оказании социальной помощи отказывается в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) получения жилищной помощи;

      3) лицу, не относящемуся к категориям, указанным в пункте 6 настоящих Правил.

      14. Получатели социальной помощи извещают уполномоченный орган по месту регистрации постоянного их места жительства об изменении обстоятельств, влияющих на право ее получения в течение десяти рабочих дней.

      15. В случае смерти получателя выплата социальной помощи прекращается на основании сведений и (или) списков о смерти получателя, полученных от органов регистрации актов гражданского состояния (РАГС).

      16. Финансирование социальной помощи осуществляется по каждой отдельной категории получателей социальной помощи, указанных в пункте 6 настоящих Правил, с учетом возможности бюджета города Алматы, предусмотренного на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      17. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Алматы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявление недостоверных сведений, предоставленных заявителем;

      5) назначения жилищной помощи.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      18. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

  Приложение
к Правилам оказания социальной помощи и установления размера выплаты компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги
  Форма

  Руководителю уполномоченного органа
____________________________
(город, район)

Заявление

      Фамилия: _________________________________________________________________
Имя: _____________________________________________________________________
Отчество (при его наличии) __________________________________________________
Дата рождения "_____" _____________ _____ года

      ИИН _____________________________________________________________________
Статус: ___________________________________________________________________
Прошу Вас оказать социальную помощь в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги по категории ___________________________________________
Домашний адрес ___________________________________________________________
Телефон: __________________________________________________________________
Банковские реквизиты:
Наименование банка ________________________________________________________
Банковский счет № _________________________________________________________
Тип счета: _________________________________________________________________

      Даю согласие на сбор и обработку моих персональных данных в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", хранение и использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, необходимых при назначении (перерасчете) выплаты, а также при выполнении уполномоченным органом по оказанию социальной помощи своих обязательств в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Даю согласие на получение сведений о себе как о владельце банковского счета и номерах банковских счетов в банках второго уровня, организациях, имеющих лицензии уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта". Обо всех изменениях местожительства (в том числе выезд за пределы Республики Казахстан), анкетных данных, банковских реквизитов обязуюсь сообщить в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в течение 10 (десять) рабочих дней. Уведомлен(а) о возможности открытия отдельного банковского счета для зачисления социальной помощи, выплачиваемой из местного бюджета, а также о том, что на деньги, находящиеся на таком счете, не допускается обращение взыскания третьими лицами.

      "____" ___________ 20____ года.

      ________________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись заявителя (законного представителя)

      Документы принял: _________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность и подпись
лица, принявшего заявление)

      "____" ____________ 20____ года