"Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 21) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 192 шешіміне қосымша |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы тәртіптің мақсаты құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құрылыс объектілерін инспекциялау (бұдан әрі – инспекциялау) арқылы ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау болып табылады.
3. Инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне баруды Алматы қаласының сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы жүзеге асырады.
2. Инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне баруға құқығы бар.
5. Инспекциялауды жүргізу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның, құрылыстың жай-күйі мен барысы туралы техникалық қадағалау есебінің, құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобалары үшін бастапқы материалдардың болмауы, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан ауытқу негіздер болып табылады.
6. Объектіге барған кезде мемлекеттік құрылыс инспекторы құрылыс салушыға (құрылыс салушының өкіліне), мердігер ұйымның өкіліне осы Тәртіптің 1-қосымшаға сәйкес инспекция жүргізудің басталғаны туралы актіні ұсынады.
7. Құрылыс салушы (құрылыс салушының өкілі) объектіге мемлекеттік құрылыс инспекторына рұқсат береді.
8. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының талап етуі бойынша құрылыс салушы (тапсырыс беруші) және/немесе мердігер осы объект бойынша құқық белгілейтін, рұқсат беретін, жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы ұсынады.
9. Қажет болған жағдайда мемлекеттік құрылыс инспекторлары инспекциялауды жүргізуге мүдделі мемлекеттік органдарды тарта алады.
10. Инспекциялау қорытындысы бойынша осы Тәртіптің 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама және 3-қосымшаға сәйкес объектінің ведомосы анықталған ақауларды сипаттай отырып, тартылған мүдделі мемлекеттік органдарды таныстыра отырып жасалады.
11. Инспекциялау қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде:
сәулет және қала құрылысы органы сәулет-құрылыс бақылау органына құрылысқа бастапқы рұқсат беру құжаттамасының болуы / болмауы туралы мәліметтерді ұсынады;
Алматы қаласы тиісті ауданы әкімінің аппараты атынан сәулет-құрылыс бақылау органына Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы өтініш жібереді;
Алматы қаласының коммуналдық қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, су бұру мәселелеріне байланысты қажетті шараларды қабылдайды.
12. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
Инспекция жүргізуді тағайындау туралы Акт
№ ______ | |
"___"_________ 202__ ж. |
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органның атауы "Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Актіні рәсімдеген уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның лауазымы: _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Салынып жатқан объектінің орналасқан жері: _________________________________
________________________________________________________________________________
4. Бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің актіні ресімдеу кезінде болған өкілінің лауазымы:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
5. Негіздеме: _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Инспекция жүргізу мерзімі: ________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы): _________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
8. Актіні ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы: ____________________________
________________________________________________________________________________
Инспекциялау нәтижелері бойынша анықтама
№ ______ | |
"___"_________ 202__ ж. |
Мемлекеттік бақылау және қадағалау органның атауы "Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
________________________________________________________________________________
(салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)
________________________________________________________________________________
(инспекциялау жүргізген мемлекеттік құрылыс инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)
Тапсырыс беруші __________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және телефоны)
Бас мердігер _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және телефоны)
Қосалқы мердігер __________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және телефоны)
Объектіге барған кезде мынадай жұмыстар жүргізіліп жатты: _____________________
________________________________________________________________________________
Ақаулар (қажетінің астын сызу):
анықталды.
қоса беріліп отырған анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілердің ведомосінде көрсетілді;
анықталған жоқ.
Мемлекеттік құрылыс инспекторы: ____________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Тапсырыс беруші: __________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мердігер: _________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мүдделі тұлға: ____________________________________________________________

Мүдделі тұлға: _____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Анықтама 3 (үш) данада ресімделді.
Анықталған ақаулардың сипаттайтын объектінің ведомосы (инспекциялау нәтижелері бойынша анықтамаға қосымша)
20__жылғы "__" ____________
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)
№ | Анықталған ақаулардың сипаттамасы |
1 | 2 |
Мемлекеттік құрылыс инспекторы: ___________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Тапсырыс беруші: _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мердігер: _________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мүдделі тұлға: _____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мүдделі тұлға: ____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мүдделі тұлға: ____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ведомость 3 (үш) данада ресімделген.