"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының , "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 1-тармағының және 69-бабы 1-тармағы 2)-тармақшасының негізінде жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мамлют", "Смирнов", "Согров" мемлекеттік табиғи қаумалдар (зоологиялық) аумактарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне келесі шектеулер белгіленсін:
уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулау, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсілдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялауға, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқалар жинауға.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Г. Нурмухамбетов |