"Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 64 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 338 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 қазанда № 7810-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 64 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6123 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Е. Шортыбаев

О признании утратившим силу постановление акимата Северо-Казахстанской области от 19 марта 2020 года № 64 "Об утверждении Методики определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок по участку железной дороги Российской Федерации, расположенному на территории Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 14 октября 2024 года № 338. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области 17 октября 2024 года № 7810-15

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Северо-Казахстанской области "Об утверждении Методики определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок по участку железной дороги Российской Федерации, расположенному на территории Северо-Казахстанской области" от 19 марта 2020 года № 64 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6123).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Е. Шортыбаев