"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Володар ауылдық округі аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 156 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 3775 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі | Е. Бекшенов |