Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5104 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауданының әкімі | К. Калиев |