Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7604-15 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Мәслихат төрағасы | Е. Туткушев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері.
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының (бұдан әрі-Заңы) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде, жылына 1 рет көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне - 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;
орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты - мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың;
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні:
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, қаланың (ауданның) Құрметті азаматтарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргін қолданылған жағдайда, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға - 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.
7. Әлеуметтік көмек, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына кірістерді есепке алмай, мынадай негіздер бойынша көрсетіледі:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі - бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, дүлей зілзала, өрт фактісін растайтын құжат негізінде;
2) жетімдiк, ата-ана қамқорлығының болмауы - жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
3) егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмауы - жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінде есепте болуы - жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
5) амбулаториялық емделу кезеңінде туберкулезбен ауыратын азаматтарды қоспағанда, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі - жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Явленка аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімдер негізінде туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға қосымша тамақтануға – ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған, диспансерлік есепте тұрған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ай сайын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.
8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын, жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мынадай негіздер бойынша көрсетіледі:
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға.
9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына кірістерді есепке алмай көрсетіледі:
мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеуге арналған абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген бірінші топтағы мүгедектермен бірге жүретін жеке көмекшілерге немесе азаматтарға жылына 1 рет санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға тісті протездеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, бір рет (үш жылда бір рет) ақы төлеуге, ұсынылған шот-фактураға сәйкес, бірақ 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық емделуге, санаторий-курорттық карта ұсыныла отырып, жылына 1 рет санаторий-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүру шығындарын өтеу үшін жылына 1 рет жол жүру құны мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік такси қызметін ұсынуға және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға автокөлік (инватакси) қызметтерін көрсетуге бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.
10. Адамның (отбасының) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмектен бас тарту үшін негіздер Үлгілік қағидалардың 13-21-тармақтарына сәйкес айқындалады.
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
15. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдаған шешімге шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған.
16. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру, Есіл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
17. Әлеуметтік көмект екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы, өтініш берушілердің жеке шоттарына сомаларды аудару жолымен, ақшалай нысанда ұсынылады.
18. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Есіл ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік немесе жеке медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген кезде;
4) өтініш беруші жалған мәліметтерді ұсынғаны анықталғанда.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
19. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
20. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.