"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 240 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 37/6 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттарына депутаттығына үміткерлермен кездесу үшін орынды анықтау туралы" бірлескен қаулысы мен шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-40 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі |
С. Садвокасов |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Елеусизов |