Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы №7-32 с "Үй жануарлары мен құстарды ұстаудың Ережелері туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-51 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы | С. Саниев |