Жылыой ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 16-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 5169-06 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезенде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев

О понижении размера ставки при применении специального налогового режима розничного налога по Жылыойскому району

Решение Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 29 марта 2024 года № 16-3. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 1 апреля 2024 года № 5169-06

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" Жылыойский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога по Жылыойскому району с 4 (четырех) процентов на 2 (два) процента по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель маслихата Қ. Мыңбаев