Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы № 8-1 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 20-1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 шілдеде № 5215-06 болып тіркелді

      Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 16 қазандағы № 8-1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5094-06 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жылыой ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі;";

      9 тармақтағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6-тармақтың 1) тармақшасындағы "бір рет" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 6 тармақтың 1) тармақшасы 2024 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2024 жылдың 1 тамызға дейін қолданыста болады.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев

О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата от 16 октября 2023 года № 8-1 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 4 июля 2024 года № 20-1. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 5 июля 2024 года № 5215-06

      Жылыойский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жылыойского районного маслихата от 16 октября 2023 года № 8-1 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5094-06) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Жылыойского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;";

      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жылыойского района;";

      в пункте 9 слова "уполномоченной организации" заменить словами "Государственной корпорации".

      в подпункте 1) пункта 6 слово "единовременно" заменить словом "ежемесячно".

      2. Подпункт 1) пункта 6 распространяется на отношения возникшие с 1 июня 2024 года и действует до 1 августа 2024 года.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Қ. Мыңбаев