Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Құрманғазы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 8 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978-06 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
2 -тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құрманғазы ауданының әкімі | А. Жангалиев |