Арыс қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/101-VІІІ шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 28 наурызда № 6497-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" №117 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Арыс қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Арыс қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қалалық мәслихат төрағасы К. Ахметов

  Арыс қалалық мәслихаты
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ №16/101-VІІІ шешіміне 1 қосымша

Арыс қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және Арыс қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 10 пайыз мөлшерінде белгіленді.

      3. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      6. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету, оны көрсетуден бас тартуды негіздеу талаптарының тізбесі Қағидаларда көзделген.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін Қағидаларда айқындалған тәртіппен есептейді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      9. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған Арыс қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Арыс қалалық мәслихаты
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ №16/101-VІІІ шешіміне 2 қосымша

Арыс қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 6/27-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6214 болып тіркелген);

      2. Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 30/158-VІІ "Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 6/27-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау турал" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31062 болып тіркелген);

      3. Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8/50-VІІІ "Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 6/27-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау турал" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6366-13 болып тіркелген).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Арыс

Решение Арысского городского маслихата Туркестанской области от 20 марта 2024 года № 16/101-VІІІ. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 28 марта 2024 года № 6497-13

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закон Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года №117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №33763), маслихат города Арыс РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Арыс согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата города Арыс согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Арыс К. Ахметов

  Приложение 1 к решению
Маслихат города Арыс
от 20 марта 2024 года
№ №16/101-VІІІ

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Арыс

      1. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Арыс" (далее – услугодатель).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в городе Арыс в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным местными представительными органами, не более 10 процентов.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателей установлен в размере 10 (десять) процентов.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      4. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства" с предоставлением документов, предусмотренных Правилами предоставления жилищной помощи (далее - Правила), утвержденных Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года №117.

      5. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      6. Перечень требований к оказанию, основанию для отказа в оказании государственной услуги "Назначение жилищной помощи" предусмотрены Правилами.

      7. Совокупный доход услугополучателя, исчисляется услугодателем в порядке, определенном Правилами.

      8. При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      9. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      10. Назначение жилищной помощи услугополучателям осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Арыс на соответствующий финансовый год.

      11. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению
Маслихат города Арыс
от 20 марта 2024 года
№ №16/101-VІІІ

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата города Арыс

      1. Решение маслихата города Арыс от 27 апреля 2021 года № 6/27-VІІ "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Арыс" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6214);

      2. Решение маслихата города Арыс от 2 декабря 2022 года № 30/158-VІІ "О внесении изменения в решение Арысского городского маслихата от 27 апреля 2021 года № 6/27-VIІ "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Арыс" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №31062);

      3. Решение маслихата города Арыс от 28 сентября 2023 года № 8/50-VІІІ "О внесении изменения в решение Арысского городского маслихата от 27 апреля 2021 года № 6/27-VIІ "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Арыс" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №6366-13).