Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 4391 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ж. Тасов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Кентау қалалық
мәслихаты
Кентау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 339 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;
4) бөлімше меңгерушісі;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
8) үйде қызмет көрсету ұйымы бөлімшесінің меңгерушісі;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
10) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
11) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
12) медициналық мейіргердің көмекшісі;
13) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;
14) әдіскер.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директоры) орынбасары;
3) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;
4) бөлімше меңгерушісі;
5) барлық атаудағы режиссер;
6) вокал;
7) әдіскер;
8) дизайнер;
9) дыбыс операторы;
10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
11) аккомпаниатор;
12) хормейстер;
13) музыкалық жетекші;
14) ұжым (үйірме) басшысы;
15) барлық атаудағы менеджер;
16) барлық атаудағы суретші (негізгі қызметтер);
17) кітапханашы;
18) әкімші;
19) библиограф;
20) барлық мамандықтағы мұғалімдері;
21) көркемдік жетекші;
22) дыбыс өңдеуші;
23) бас дирижер;
24) барлық атаудағы әртістері;
25) хореограф;
26) редактор.
3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) бөлімше меңгерушісі;
4) әдіскер;
5) жаттықтырушы;
6) нұсқаушы-спортшы;
7) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;
8) жаттықтырушы-массажшы;
9) психолог;
10) жаттықтырушы-оқытушы.