Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтарал ауылдық округінің Игілік елді мекенінің шекарасына Мақтаарал ауданының ауыл шарушылығы мақсатындағы 50,39 гектар жерді қосу арқылы, Мақтарал ауылдық округінің Игілік елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 157,73 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысының және Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысы және Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал ауданының әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сарсекбаев |