"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданының мәслихатының "Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 33/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31277 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Б. Джумабеков |